19-22 қыркүйек күндері Тайтөбе ауылы Нұра өзенінің жағасында дүниежүзілік туризм күніне арналған "Алтын күз-2024" ашық қалалық туристік слеті болып өтті. Слетті ұйымдастырушылар Астана қаласы әкімдігінің "Балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану орталығы". Слетке мектебіміздің "Спорттық туризм" секциясының оқушылары да қатысты. 8 "Д" сынып оқушылары Литвиненко Милана, Иваненко Василиса, 7 "Б" сынып оқушысы Нурланбек Адия, 6 "Г" сынып оқушысы Транченко Тимофей. Слеттің қорытындысы бойынша мектебіміздің командасы 1 орынға ие болды. Сонымен қатар, әр түрлі дистанцияларда "Қысқа" қашықтықта 2 орын, "Ұзақ" қашықтықта 3 орын, "Техникалық" қашықтықта командалық 1 орынға ие болды. Жаттықтырушысы: "Спорттық туризм" секциясының жетекшісі Бельжанов Кайрат Бекенович. Оқушыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
- Басты бет
- /
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
